«Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыруға қосымша 20 млрд теңге бөлінді

1074

0

«Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ («Бәйтерек»холдингінің еншілес ұйымы)«Бақытты отбасы»бағдарламасы бойынша өтінімдер лимитін 5000-нан 7500-ға дейін арттырды. Бағдарламаның әлеуметтік маңыздылығы аса жоғары екенін ескере отырып, осы мақсаттарғамемлекеттік бюджеттен қосымша 20 млрд теңге бөлінетін болды.

2021 жылдың 12 сәуірінен бастап 2021 жылдың 26 мамырына дейінгі аралықта (қоса алғанда) Банк сайтында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданды. Барлығы 37 592 өтінім. Банк сайтында www.hcsbk.kz 14 маусым күні сағат 16:00-де нәтижелер шығарылды. Оларды ЖСН (https://hcsbk.kz/ru/affordable-housing/bakytty-otbasy/) немесе өтінім нөмірі бойынша https://hcsbk.kz/ru/affordable-housing/bakytty-otbasy/reports/zayavki-prinyatye-na-sayte-banka/ тексеруге болады.

Өтініштерді бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Сенаты жанындағымүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының, сондай-ақ «Нұр-Отан» партиясы жанындағы Халықты жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің ұсыныстары ескеріліп, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көп балалы отбасыларға басымдық беріледі.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың негізгі әлеуметтік мәселелерінің бірі –тұрғын үй және тұрмыстық мәселелер. Бұл отбасылараталмыш мәселелерді өз күшімен еңсере алмағандықтан, олар әлеуметтік көмек пен қолдауға мұқтаж. Сонымен қатар, мұндай отбасында экономикалық мәселелер жиі кездеседі. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларда материалдық қамсыздандыру деңгейі басқа отбасыларға қарағанда төмен.

Бұл бірқатар себептерге байланысты:

жұмыстан мәжбүрлі түрде кету;

қысқартылған жұмыс күнін рәсімдеу;

жалақы жоғалтумен байланысты жұмысты мәжбүрлі түрде өзгерту;

баланы емдеу және сауықтыру үшін ақысыз еңбек демалысын рәсімдеу;

дәрі-дәрмектіңтапшылығы;

қосалқы техникалық құралдар мен арнайы құралдарды сатып алу, медициналық кеңесшілерге ақы төлеу және т.б. шығындар.

Бағдарлама шеңберінде қабылданған өтінімдерді бөлу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

1) «Мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасылар» санаты бойынша Банк сайтында берілген өтінімдер санының 100% мөлшерінде (4117 өтінім).

2) «Көп балалы отбасылар»(оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» I және II дәрежелі наградалары бар немесе «Батыр ана» атағы бар көп балалы аналар)(2682 өтінім).

3) «Толық емес отбасы» (700 өтінім).

Негізгі тізімге енбеген үміткерлер резервтік тізімге негізгі тізім жасалатын тәртіпке ұқсас тәртіппен енгізіледі. Үміткерлер болмаған жағдайда, қатысу өтінімінің күші жойылған жағдайда, несиелендіруге қаражат болған жағдайда (соның ішінде босатылған / қайтарылатын) қаражаттың болуы, негізгі тізімдегі үміткерлердің несиелік өтінімі мақұлдаудан өтпеген жағдайда, бұл орынға резервтік тізімдегі үміткерлер шақырылады:

«Көп балалы отбасылар» (оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» I және II дәрежелі наградалары бар немесе «Батыр ана» атағы бар көп балалы аналар), негізгі тізімдегі үміткерлердің дәрежесі аяқталғаннан кейін.

«Толық емес отбасылар», негізгі тізімдегі дәл осы «Толық емес отбасы» санатындағы үміткерлердің дәрежесі аяқталғаннан кейін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<