Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгемен салынған депозиттерге қатысты биылғы қыркүйек айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.
24 айға арналған мерзімді депозиттерді қоспағанда, теңге депозиттердің барлық түрі бойынша мөлшерлемелер тамыз айындағы деңгейінде қалды. Нәтижесінде қыркүйекте мерзімсіз салымдар бойынша максимал мөлшер жылына 9 пайызды құрайды. Бұл Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне сәйкес келеді. Базалық мөлшерлеме ақша құнының экономикадағы негізгі бағдары болып табылады. – Толықтыру құқығы бар, 3 және 6 айлық мерзімді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер – 9 пайыз, ал толықтыру құқығы жоқ түрі бойынша 9,5 пайызға тең. Дәл осындай мерзімдерге шақталған жинақ депозиттердің толықтырылатын түрі бойынша мөлшерлемелер – 10 пайыз, толықтырылмайтын түрі бойынша – 10,5 пайызға тең, – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. Мерзімі 12 және 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.
Ең жоғары мөлшерлеме ретінде бұған дейін бекітілген шектің мәні қабылданады, ол 14 пайызды құрайды. 24 айлық мерзімді салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелер төмендеп келе жатқанын айта кету керек. Яғни жинақ депозиттерімен салыстырғанда мерзімді салымның бұл түріне банктердің қызығушылығы тө- мен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<