Доллар бағасы қымбаттады

982

0

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 24 маусым кешімен салыстырғанда 0,05 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 427,07 теңге болды. Ұлттық банктің 25 маусымдағы ресми бағамы: 1 доллар – 427, 01 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,57 теңгеден сатылса, сатып алу – 428,01теңге. Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,09 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 428, 01 теңге.


inform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<