Бүгінгі таңда пандемия салдарынан экономика өсімінің төмендеуі барлық елдерде байқалды. Бұл жағдай Қазақстанға да тән болып отыр. Дегенмен, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына бірқатар көрсеткіштер бойынша аздаған өсім, сонымен бірге салыстырмалы түрде алғанда кейбір параметрлер жөнінде теріс сальдо қалыптасқанын атап өткіміз келеді.
2020 жылғы екінші тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 86744 теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 9,5 процентке жоғары болды. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 6,5 процентке өсімін ескере отырып, халықтың нақты ақшалай табыстары 2,8 процентке өскенін байқаймыз.
Тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы қыркүйекте 2019 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 7,2%, азық-түлік емес тауарларына – 3,4%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер 2,1%-ке өсті. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2020 жылғы қыркүйекте 2019 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 0,8 процентке жоғарылады.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 181316 млн теңгені немесе 2019 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 69,5% құрады.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте сауда саласы бойынша нақты көлем индексі 98,3%-ті құрады. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 217 млрд теңгені немесе 2019 жылдың қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 98,0% деңгейінде қалыптасты.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағада 485 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 2019 жылғы деңгейден 11,8% кеміді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 16,8%, кемісе, өңдеу өнеркәсібінде өсім – 3,5%, электрэнергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 17,1% құрады. Тау-кен өндірісіндегі өнім көлемінің төмендеуін мұнай өндірісіне қатысты ОПЕК+ келісімі бойынша Қазақстанның өзіне алған міндеттемелеріне байланысты екенін атап өткіміз келеді. Салада өсім мен төмендеу сипаты қатар жүргенін осы жағдайлармен түсіндіруге болады.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегінде ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 95, 5 млрд теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 3,1 процент өсім байқалды.
Жалпы, пандемия кезінде ауыл шаруашылығы саласы негізінен тұрақты өсімін сақтап қалды.
«СБ» экономика
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<