Кредит мақұлданды: сарапшы «банк қызметкерлерінің» жаңа айласы туралы айтты

1235

0

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман, «КиберМәскеу» жобасының жетекшісі Григорий Пащенко Sputnik радиосына берген сұхбатында банк алаяқтарынан қалай қорғану керек екенін айтты.

Айтуынша, алаяқтар, алдымен, өз құрбанына кредит мақұлданғаны немесе берілгені туралы хабарлама жолдайды. Кейін банктің қауіпіздік қызметі немесе прокуратура атынан қоңырау шалады.

«Әуелі сіздің телефоныңызға кредит мақұлданғаны немесе, мәселен, «сізге несие мақұлданды, оның 20%-ін шешіп алғаныңыз үшін рақмет» деген хабарлама келеді. Осыдан кейін сізге «банк қызметкері» хабарласып, сіздің атыңызға кредит алынғанын, бұл операция банкке күмәнді көрінгенін айтады», – деді Григорий Пащенко.

Содан соң өзін банк қызметкері етіп таныстырған алаяқ жеке деректеріңізді пайдаланып, кредитті жою операциясын жүргізуді ұсынады.

Осылайша сіздің деректеріңіз қаскөйдің қолына түседі.
Сонымен бірге, маманның айтуынша, алаяқтар өзін прокуратура қызметкері деп те таныстыруы мүмкін. Олар сіздің атыңызға заңсыз кредит рәсімделгенін хабарлап, ақшаңызды арнайы шотқа аударуды ұсынады.

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман телефон шалатын күмәнді адамдардың бірде бір нұсқауын орындамауға кеңес берді. Банк те, прокуратура да қаржы ұйымдарының клиенттерімен бұлай жұмыс істемейді.

«Егер сізге қандай да бір банктің қауіпсіздік қызметінен хабарласса, оның қандай банк екенін нақтылап, тұтқаны қойып, өзіңіз қоңырау шалыңыз. Ал ең дұрысы – белгісіз нөмірлерден келген қоңырауға жауап бермеу», – деп атап өтті сарапшы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<