2018 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 166,6 млрд долларды құраған. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық банкі хабарлады.
Ресми дерек бойынша, елдің сыртқы қарызы 0,8 млрд долларға азайған. Сыртқы борыштың көбі – фирмааралық берешекке тиесілі (63%).
Қалған қарыздың 26%- кредиторлар алдындағы «басқа секторлардың» сыртқы борышы, 8% – мемлекеттік сыртқы қарызы, 4% – банк секторының сыртқы міндеттемелері.
2017 жылы маусымда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанның сыртқы қарызы 167,9 млрд долларды құрайтынын айтқан.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<