Мажарстан Қазақстан инвесторларын шақырды

1396

0

Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варга қазақстандық инвесторларды өз еліне шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, Мажарстан да қазақ инвесторларын күтеді. Бізде инвестиция үшін өте қолайлы жағдайлар жасалған. Мажарстанда экономика өсімі биыл 7%-ға жетеді. Бағалау бойынша халықаралық ұйымдар да біздің мәртебемізді арттырады», – деді Михай Варга ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен кездесуде.

Спикердің айтуынша, Мажарстанда Еуропа одағы бойынша бизнес жүргізу үшін ең төменгі салық белгіленген.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варга кездесті Мұхтар Тілеуберді Мажарстанға QazVac вакцинасын қолдануды ұсынды.

Мажарстан үкіметі энергетика, су шаруашылығы, медицина саласындағы ынтымақтастыққа сенім артып отыр. Мажарстанның Қазақстанға экспортының 70%-ы – дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық өнімдер.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<