Жұма күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы құбылып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,77 долларға төмендеп, бір барреліне 52,23 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,72 долларға көтеріліп, баррелінің бағасы 45,33 доллар болды.





