Мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды

866

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер, Қаржы және Энергетика министрліктерінің «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы қабылданды.

Бұйрыққа сәйкес автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, бензин, дизель отыны және кейбір мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге 21.11.2021-21.05.2022 ж. аралығында тыйым салынды.

Мақсаты елімізде мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау және бағасын тұрақтандыру болып табылады. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<