Қазір оз кәсібіңді ашып, еңбек етемін десең, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау көп. Осы орайда, бизнес пен Үкімет арасындағы алтын көпірге айналған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еңбегі орасан зор.
Палатаның кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Бастау-Бизнес», «Бизнес-Кеңесші» сынды кәсіпкерлік негіздерін үйретуге арналған оқулары, кәсібін енді бастайтын жас кәсіпкерлерге арналған қайтарымсыз гранттар, оның ішінде инновациялық жобаларға арналған 2000000-5000000 теңге аралығында берілетін гранттар, «Қарапайым затттар экономикасы» арқылы екінші деңгейлі банктерден 6 %-пен максималды 10 жылға несиелер беруі бизнестің өсіп-өркендеуіне қолдау емес пе?! Айналып келгенде, мақсаты – әлеуметтік осал топтардан шыққан азаматтарды жұмыспен қамту.
Пандемия кезінде Ғалымбек Жақсылықұлы көшін бастаған облыстық кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерінің ғана емес жалпы экономиканың карантин салдарынан зардап шекпеуі үшін күн-түн демей жұмыс жасағанын көзіміз көрді. Кәсіпкерлердің арашашысына айналған палата қолдау күткен барлық бизнес субъектілеріне қызмет етуде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында мемлекет бизнеспен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысатын кәсіпкерлерге барлық қолдау көрсететінін атап өтті.
«Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» деп заманының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, ниетіміз бен күшімізді тәртіпке бағындырсақ, біз алмаған асу қалмайды.
Ақерке РАХМАНОВА,
облыстық кәсіпкерлер палатасы
жобаларды сүйемелдеу бөлімінің қызметкері
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<