Облыстың көрсеткіші мен даму қорытындысы сараланды

929

0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған жиын өткізді. Отырыста аймақтың 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы даму көрсеткіштері мен қаржының игерілу барысы сараланды.

Жиында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай негізгі индикаторлық көрсеткіштерге тоқталып, басым салалар бойынша атқарылған жұмыстарды тізбеледі.

Өңірде 2021 жылдың қаңтар-наурызында оң әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптасқан. Инвестиция көлемі 42,9 млрд.теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне 107,6 пайыз болды. Құрылыс жұмыстардың көлемі 8 млрд.теңгені құрады. 133,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 13,3 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға артқан. Оның ішінде мал шаруашылығы өндірісінде 2,8 пайыздық өсім, ал өсімдік шаруашылығында 100 пайызды құрады. Есепті кезеңде ет өндіру көлемі 3,4%-ға, сүт өндіру 2,2%, тауық жұмыртқасы 28,3%-ға артты. Ал, тұтыну бағаларының индексі наурыз айында 101,7 пайызды құрады. Оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 103,0 пайыз, азық-түлік емес тауарларға 101,3 пайыз, ақылы қызметке 100,3 пайызға жеткен.

Бүгінде Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары аясында өңірде бизнес өкілдеріне 265 жоба ұсынылған. Айталық, биыл 13,8 млрд. теңге құрайтын 895 жұмыс орнымен қамтитын 96 жоба іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі күні оның 15 жобасы іске асырылған. Наурыз айындағы жоспарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жобалар саны 404-ке жеткен. Енген жобалардың басым көпшілігі – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, дайын азық түлік, азық түлік емес және құрылыс тауарларын шығаруға бағытталған.Жиында «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы орындалу барысы сараланды. Бағдарлама арқылы Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария және Шиелі аудандарына қарасты ауылдық елді мекендерде 1,9 млрд.теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 117 жұмыс орны құрылатын болады.

Отырыста І тоқсанда игерілген қаржы мәселесі де талқыланды. Отырыста облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Қызылорда облысы бюджетінің 2021 жылдың 1 сәуіріне түсімдер болжамы 106,2 пайызға орындалды, оның ішінде өз кірістері 138,8 пайызға орындалып, облыс бюджетіне 4,6 млрд.теңге артық түсті.Қызылорда облысы бюджетінің 2021 жылдың 1 сәуіріне шығыстар жоспары 99,8 пайызға игерілді. Үнемделген қаржы көлемі 113,2 млн.теңге құрайды.Жиын қорытындысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова межеленген жұмыстарды уақытылы аяқтауды және әрбір тоқсан сайын көрсеткіштердің сараланатынын назарға салды.

Қызылорда Облысының Әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<