Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы дамып келеді. Статистикалық деректерге тоқталсақ, биылғы 10 айдың ішінде жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18,9%-ға өсіп, 87,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Мысалы, тоқыма бұйымдары 23,7%, ал киім-кешек өндірісі 7,5% артты.
Жеңіл өнеркәсіп саласы үш негізгі топты біріктіреді, яғни тоқыма өнеркәсібі 52%, киім-кешек өндірісі 38%, сондай-ақ былғары және оған қатысты өнімдер 10% құрайды. 2019 жылдың 1 қыркүйектегі көрсеткіштер бойынша жеңіл өнеркәсіп бағытында 1030 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 96% – бұл шағын кәсіпорындар, қызметкерлердің тізімдік саны шамамен 11 мың адам.
Елімізде жеңіл өнеркәсіп бағытында жұмыс істейтін кәсіпорындар ұлттық компаниялар, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарға, Қазақстанның қарулы күштері мен тәртіп сақшыларына, сондай-ақ қарапайым халыққа арналған киімдерді шығарады. Олардың қатарында сырт киімдер, ерлерге арналған костюмдер, балалар киімі, бас киім, үй тоқымасы және аяқ киімдер бар. Бұдан басқа отандық кәсіпорындар мақта-мата иірілген жіптер мен маталар, кілем, былғары өнімдерін халыққа ұсынады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<