ОЗЫҚ 30 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНУДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАНДАЙ?

432

0

Иә, тәуелсіз Қазақстан өз алдына осындай ауқымды міндет қойып отыр. Жаһандық бәсекеде биік межеден көріну үшін, біз, әлбетте, халықаралық өмір сүру нормалары талаптарына сай еңбек етуіміз қажет. Біз бүгін осы талаптарды қаншалықты еңсеріп жүрміз? Дамыған елдердің қатарына қосылу мүмкіндігіміз қандай? Ол үшін біз қандай шарттарға жауап беруіміз қажет? Бұл орайда Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісова ел дамуының маңызды аспектілерінен мынадай дәйектемелер келтіреді.
Еліміздің 2025 жылға дейінгі стра­тегиялық жоспарының тү­­­бе­гейлі міндеті – ұлттық эко­­­­номиканың мақсатты өсу траек­ториясына шығуы және оның құрылымын әлемдік эко­номиканың өсу қарқынын ба­сып озатын ІЖӨ-нің орташа өсу қарқынын өзгерту болып та­бы­лады. Бұл бізді жаңа эко­номикалық шындық ке­зеңін­дегі «үздік отыздыққа» се­нім­ді түрде жеткізеді.  
Ол тек экономикалық жаң­ғыру ғана емес, сонымен қатар инс­титуттық және әлеуметтік жаң­ғыруға байла­нысты мәсе­ле­лерді де қамтиды. 2025 жылға дейінгі стратегиялық жос­пар 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын алмастыру үшін жасалып отыр. Ол қабылданған кезден бас­тап ұлттық экономиканың өсі­мін ұлғайту жөніндегі бас­ты мақсатқа мерзімінен бұ­рын қол жеткізілді. ІЖӨ-нің 2020 жылға дейін 1/3-ге жос­парланған өсімі кезінде бұл көрсеткіш 2009-2017 жылдары 43%-тен асып, негізгі міндеттер орындалды. Сегіз жылда қазақ­с­тандықтардың болжамды өмір сүру ұзақтығы 3 жылға ұза­­­рып, 2017 жылы 72,4 жасқа жет­ті. 8 қазақстандық ЖОО QS WUR әлемдік рейтингінде белгіленіп, оның 2-і үздік 300 және 400 оқу орнының қатарына енді. Табысы ең төменгі күн­көріс деңгейінен төмен халық­тың үлесі 8,2%-тен 2,6%-ке азай­ды. 2020 жылға дейінгі стра­тегиялық жоспар жаһандық қар­жы дағдарысының салдарын жұм­сартып, экономиканың әр­тараптандырылған тұрақты өсі­міне көшуді тездетті.  Жалпы, стратегиялық жоспарға сапалы да­му драйверлеріне көшуді жә­не дамудың нарықтық тетік­терін күшейтуді көздейтін эко­номикалық дамудың жаңа мо­­делі негіз болып отыр.
Жаңа модельге көшу елі­міздің 2025 жылға дейінгі эко­номикалық және әлеуметтік өмі­ріндегі өзгерістердің негіз­гі бағыттарындағы рефор­малар­мен іле­се жүреді.  7 жүйелі ре­фор­ма Жаңа адами капитал. Әлем ин­дус­триялық кеңістіктегі даму кезеңіне аяқ басқан кезде басты стратегиялық ресурс са­палы адами капитал болады. Енді 5-7 жылда экономика 20-25% ақыл­ды жұмыс орны мен маман қажет етеді. Бұл сын-қатерлерге жауап ретінде бізде сапалы ада­ми капиталды дамыту үшін тиісті қадамдар жасалған. Олар «Болашақ» бағдарламасы, QS рейтингінде көрсетілген 8 қазақс­тандық ЖОО, «Назарбаев Университеті», Назарбаев зият­керлік мектебі жүйесі болып табылады. Осыған байланысты тиісті реформа аясында эко­номика мен мемлекеттің қа­зір­гі және болашақтағы жоғары білікті кадрларға сұ­ра­нысын қамтамасыз ету міндеті тұр.   Жал­пыұлттық элек­трон­ды ең­­­бек биржасының, жұ­мыс­пен қамту орталықтарын авто­­мат­тандырудың және олар­ды жеке салаға сенімді бас­қаруға берудің есебінен еңбек нарығының ай­қын­дығын арт­­тыру және оның инфра­құ­рылымын дамыту жұ­мыс­тары жалғаса береді.
Технологиялық жаңару жә­­не цифрландыру барынша маңыз­ды болып табылады. Бола­­шақ пен технологиялар бір­тұтас. Тек заманауи техно­логиялар, цифрландыру, ин­но­ва­циялар ғана жұмыс іс­теп жатқан салаларға жаңа сер­пін беріп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Жап­пай цифр­ландырудың және тех­­нологиялық қайта жарақ­тан­дырудың есебінен сапалы экономикалық өсімді қам­тама­сыз ету жолындағы басты бөгет – төмен еңбек өнімділігін еңсеру міндеті тұр.  
Мемлекет бұрынғысынша нарық­та маңызды рөл атқарады – ІЖӨ-дегі жалпы қосылған құнның үлесі 18,6%-ке дейін жетті. Үкіметтің бизнесті қайта реттеу бойынша қабылдаған шаралары Қазақстанның өз көр­сет­кіштерін 14 тармаққа жақсарта отырып, 2018 жылы Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде 36-орынды иеленуіне мүмкіндік берді. Мемлекеттің кәсіпкерлік қыз­метке қатысуын шектеуге және олардың тізбесін 47%-ке, яғни 652-ден 346-ға қысқартуына мүмкіндік беретін Yellow Page халықаралық қағидалары енгізілді.  Аталған реформаның көме­гімен жеке секторды жандандыруға, жекешелендіру мен бәсекелестікті дамытуға, мемлекеттің бизнеске қаты­суы мен бөгеттерді азайтуға беталысы жалғаса береді. Шағын, орта кәсіпорындарды дамытуға басымдық беріледі. Экспортқа бағдарлану ба­ғыт­тарын дамытуға ерекше назар аударылады.
Құқықтық мемлекет және сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Дүниежүзілік экономикалық форум заңның сақталуы мен сыбайлас жем­қорлықты болдырмауды эконо­микалық өсімге едәуір әсер ететін фактор ретінде атап көрсетті. Осы­ған байланысты соңғы жылдары Қазақстанда заңның үстемдік құруы мен сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен құртуды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Бұл көрсеткіштерді тиісті индикаторлары бойынша жақсартуға ықпал етті.  Сот жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі, ол меншік құқығын кепілдендіруді, заң­намалардың тұрақтылығын арт­тыруды,   азаматтарды  құқықтық сауат­­тылыққа тәрбиелеуді қам­тамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлық көрініс­терінің өрісі мен мүмкіндігін шек­теу мақсатында басқару үдерісін оңтай­ландыру мен цифрландыру, ашық сатып алу рәсімін енгізу жоспарлануда. Бұл шаралар қолайлы әлеуметтік-экономикалық және ин­вес­тициялық  ахуал қалып­тас­ты­руға барынша мүмкіндік бере­тіні сөзсіз.
Бүгінгі таңда ел өңірлерінің дамуы­нда теңсіздік сақталып отыр. Өңірлердегі жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейінің ең жоғары және төмен көрсеткішінде 7 есе айырмашылық бар.  Сондай-ақ елімізде халықтың орналасу тығыздығы төмен (орта есеппен 1 шаршы шақырым – 6,6 адам), урбанизация дең­гейі орташа (Ресейдегі – 74%, Малай­зиядағы 77%-пен салыстырғанда 56,8%). Бұл әлеуметтік қызмет көр­сету мен инфрақұрылым салу құны­ның қымбаттығына әсер етеді, қызмет көрсету саласының дамуын шектейді.  Осы тектес мәселелерді ше­шу үшін тиісті реформа аясында өңірлердің дербестігін арттырып, ха­лықтың тұрмыс деңгейін жақсарта отырып, облыстарды экономикалық дамыту көзделуде. Осылайша қалаға қоныстану үдерісі біркелкі бола түседі. Реформаның локомотивтері тек ірі агломерациялар ғана емес, сонымен бірге орташа қалалар да болады. Нәтижесінде өңірлердің арасындағы әлеуметтік-экономикалық дамудағы алшақтық пен теңгерімсіздік азаяды.  
«Рухани жаңғырудың» негіз­гі ұстанымдары Қазақстан Прези­ден­ті­нің «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасында көрсетілген. Реформа бұл бастаманың заңды жалғасы және ұлттық сәйкестіктің сақталуын, білім­ге бой ұру және азаматтардың сана-сезімінің ашықтығын дәріптеуді көз­дейді. Сөйтіп тегеурінді және елі­не адал адамдардың біртұтас ұлтқа айналуына ықпал етеді.  
Әлемдегі көптеген табысты ре­фор­малар мемлекеттік орган­дарды өзгертуден басталған. Мәсе­лен, Синга­пур елдегі басқарушылар мен менеджерлердің сапасын жақсартуды мемлекеттік қызмет­шілерді бас­қа­руға оқы­тудан, ал Эстония цифр­лан­ды­руды мем­ле­кеттік аппа­рат­ты компью­тер­лендіруден және мем­лекеттік қыз­меттерді цифрлан­дыру­дан бастаған.  Реформа аясын­да мемлекеттік органдар мен ұйым­дардың елді жаңғыртудың қоз­ғаушы күші ретін­дегі рөлі артады. Басқарудың жаңа технологияларын және цифрландыруды енгізу мем­лекеттік аппараттың тиімділігін кү­шей­теді.  Жүйелі реформалармен қа­тар «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың 7 басым саясатын: макроэкономикалық саясатты, эко­­номика салаларының бәсекеге қабі­­леттілік саясатын, қаржы на­ры­­ғын дамыту саясатын, жеке инвес­­тицияларды белсенді түрде тарту саясатын, өмір сүру сапасын арттыру саясатын, «жасыл» эконо­мика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты және проак­тивтік сыртқы экономикалық сая­сатты орындау бойынша бағыт алдағы уақытта жа­лғаса беретін бо­лады.  
Бүгінгі айтылғандар мемлекеттік орталық және жергілікті органдарға үлкен міндеттер жүктейді. Олардың тиісті міндет-межелерін игеруі Қазақс­танның 30 дамыған елдің қатарына қосылуын тездетеді.
Әзірлеген Ж.ӘЛМАХАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<