Қазақстандықтарға несие тарихын жақсарту мүмкіндігі беріледі

1311

0

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты. Егер 90 күннен астам мерзімі өткен кредит өтелген болса, ол қарыз алушыға «оңалтылған» мәртебесін беруді көздейді, бірақ бұл ретте банктер жүйесі жаңа қарыздар беруден бас тарта отырып, мұндай азаматтарды тәуекелі жоғары деп таниды.

«Мәртебені алу үшін қандай да бір құжаттар қажет емес, процедураны кредиттік бюро мерзімі өткен борышты өтегеннен кейін 12 ай өткен соң және осы кезеңде өзге мерзімі өткен берешек болмаған кезде жүргізеді», – деді Әбдірахманов.

Банктер мерзімі өткен берешегі толық емес, тек ішінара өтелген қарыз алушылармен де жеке жұмыс жүргізеді. Мұндай қарыз алушылардың несие тарихы оңалту жоспарын орындаған жағдайда және соңғы 12 айда өзге мерзімі өткен берешек болмаған кезде жақсарады.

Алған сәттен бастап кредиттерін өтемеген қарыз алушылар үшін де жаңалық бар. Оларға проблемалық берешекті реттеудің сотқа дейінгі жаңа тәртібі қолданылады.

«Жаңа тәртіп шеңберінде банктер осындай қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін бағалау жөнінде жеке жұмыс жүргізуге және оңтайландырылған борыш жүктемесі мен борышты өтеудің жаңа кестесін қамтитын кредитор мен қарыз алушы үшін өзара қолайлы оңалту жоспарын жасауға міндетті болады», – деді Әбдірахманов.

Atameken Business Qaz 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<