Қызылордада биыл ұзындығы 355 шақырым автомобиль жолы мен көпір өткелі жөндеуден өтті

1353

0

Қызылорда облысында биыл ұзындығы 355 шақырымды құрайтын автомобиль жолы мен көпір өткелі жөндеуден өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл өңірде жол жөндеуге бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде ұзындығы 355 шақырымды құрайтын автомобиль жолы мен көпір өткелі жөндеуден өткізілді.

«Биылғы жылы аталған мақсатта республикалық бюжеттен төрт мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін 10,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Мәселен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ұзындығы 250 шақырым болатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуден өткізу жоспарланған еді. Сол арқылы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 75 пайызға жеткізу қамтамасыз етіледі. Ал «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде қаладағы бірнеше көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде», – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов.

Сондай-ақ, «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасымен бірқатар аудандарға тиісті қаржы есебінен орташа жөндеу жүргізілуде. «Кіші қалаларды дамыту» жобасымен Арал қаласының 10 көшесін қайта жаңғырту кезең-кезеңімен іске асырылуда. Оған қоса Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы апаттық жағдайдағы көпірлерге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 200-ден астам елдімекен кең жолақты интернетпен қамтылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<