Үш айда жол-көлік апатынан 4 мыңға жуық адам зардап шекті

290

0

Қазақстанда осы жылдың 3 айында 224 мыңнан астам көлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 224 421 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,5 пайызға көп. Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 849,9 мың бірлікті құрады» делінген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-наурызда 2 621 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы дәл осындай кезеңмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 4,3 пайызға кеміген. «2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 8,8 млрд теңге сомасында 19 627 сақтандыру төлемін жүзеге асырды», – деп атап өтеді бюродан.







Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз