Утиль алымының көлемі азаяды – Әлихан Смайылов

907

0

Утилизация алымының мөлшерлемесі төмендетіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды іске асыру жалғасады.

Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату алымының мөлшерлемесін айтарлықтай азайту жағы қайта қаралып жатыр», – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы сонымен қатар, тұщы суды тұтыну көлемін реттеу және табиғи қоқыстардың көлемін азайту бойынша шаралар жүзеге асырылатынын атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<