Зейнетақысын алғысы келетіндер үшін жаңа қызмет іске қосылды

979

0

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қашықтан жаңа қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


БЖЗҚ-да кемінде 5 жыл болған ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді алу үшін салымшылар enpf.kz сайты арқылы өтініш бере алады.

«Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, тұрғындардың уақыттарын үнемдеу мақсатында БЖЗҚ кемінде бес жыл ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық табыс есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін қашықтықтан – БЖЗҚ корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы тағайындау туралы өтініш беру мүмкіндігін іске асырды», делінген хабарламада.

Осылайша, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру қызметі ұсынылады:

Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен: мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
ЕЗЖ есебінен: – 50 жасқа толған тұлғаларға; – мүгедектігі бар адамдарға;
ЕЗЖ сомасы және оларға есептелген инвестициялық табыс шегінде зейнетақы жинақтары бар, БЖЗҚ-да кемінде бес жыл болған тұлғаларға.
Өтініш беру үшін алушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.

Ерікті зейнетақы жарналары – салымшылардың немесе алушылардың өз бастамасы бойынша БЖЗҚ-ға салатын ақшасы. Оларды жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да үшінші тұлғаның пайдасына енгізе алады. Бұл ретте ЕЗЖ мөлшері мен төлеу кезеңділігін жеке немесе заңды тұлға дербес белгілейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<