Жаңа жобаларға жол ашты

918

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов саланың жалпы жұмысы және Жолдау жүктеген міндеттер барысында қолға алынған жаңа жобалар жайында баяндады.

– Президент экономика­ның зардап шек­кен сала­ларында шағын және орта бизнестің барлық қолданыстағы несиелерінің жылдық пайыздық мөлшер­лемелерін 6 процентке дейін субсидиялауды атап көрсетті. Оған қоса, жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын және орта бизнес үшін жалдау ақысын есептеуді тоқтата тұру, сонымен қатар, зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнестің жыл соңына дейін бюджеттен тыс қорларға еңбекақы төлеуден аударымдарын алып тастауды тапсырғаны кәсіп иелеріне үлкен қолдау деп ойлаймын.

Жолдауда 2021 жылы шағын және орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу мәселесі де орынды көтерілді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіруі бұл мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керектігін атап өтті, – дейді Ф.Қожабергенов.

Басқарма басшысының айтуынша, 51 мыңнан аса кәсіпкер салықтық жеңіл­діктер алып,  9 мыңға жуық кәсіпкер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлем­дерінен босатылған. Бұ­дан бөлек, төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіп­керлерді  қаржылай қолдау мақ­сатында банктерге Ұлт­тық банктен 600 млрд теңге қаражат бөлініп, 12 ай мер­зімге арналған «Шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы» қолға алын­ған. Бұл бағдарлама 2021 жылдың соңына дейін іске асырылады. Оған қосымша Ұлттық қордан 200 млрд теңге қарастырылып, бұл қаражат кәсіпкерлерге 8 процентпен айналым құрал­дарын толықтыруға беріледі. 

Бүгінгі күні «InfoKazakhstan» электронды порталында 10361 субъектісі тір­келіп, карантин режиміне байла­нысты жұмысын уақытша тоқтатқан кәсіпкерлердің 8200-і іске қосылды. Сон­дай-ақ,  жыл соңына дейін 850 млн теңгені құ­рай­тын 16 жобаны іске қосу жос­парланып отыр. Облыс бо­йынша 145 тойхана тір­келген болса, бүгінде 9 тойхана басшысы қызметін қайта бағыттауға жұмыс жасауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<