Со-нау-у ерте заманда, ай мен күн аманда, елең-алаңда Қалампыр деген көрікті келіншекке бөрікті біреу әзіл сөз айтыпты. Келіншек әзіл сөздің астарын жете түсінбей жекіріп, аузынан «ақ көбік көпіріп», бөріктіні «біраз жерге жеткізіп салыпты». Сонда көріктіге көңілі қалған бөрікті кісі:
Қалампырым «бүркіп» кетті,
Денем шошып, шүркіп кетті.
Әзілімді түк түсінбей,
Тіліменен түртіп кетті.
Сырты сылаң, іші ылаң,
Ыршып түсіп, үркіп кетті, – деген екен.
Ой-өрісі бай емес, көркіне қылығы сай емес кісіге әсілі әзілді де абайлап айтқан жөн-ау. Әйтпесе…
Қазыбек Әшірбекұлы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<