Қазгидромет 28-30 наурыз аралығына ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, нағыз жылы көктем күндері болатынын айтып отыр.
«Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейбір күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түсуі күтіледі» делінген хабарламада.
Ал күндізгі ауа температурасы батыста +18, +27°С, солтүстікте +10, +17°С, орталықта +15, +25°С дейін, шығыста +12, +20°С, оңтүстікте +23, +30°С дейін жылынбақ. Оңтүстік-батыста температура сәл төмендеп, +13, +20°С шамасында болады.





