Сатириктің бір сәті

604

0

…Сонан бері қырық екі жыл уақыт өтіпті. Ол – Сексеуіл кенті ардагерлер алқасының осы күнгі төрағасы Бақытжан Жолмырзаевтың орда бұзар отыз жастың табалдырығынан аттаған шағы.  Кенттегі АТС-тың цех басшысы кезекті еңбек демалысын Қызылорда қаласындағы бұрынғы «Коммунальник» шипажайында өткізеді. Осы демалыс үйінде ол қазақтың белгілі сатирик ақыны, атақты Асқар Тоқмағамбетовпен кездеседі. Осында он күн демалған Асекең мен сексеуілдік Бақытжан екеуінің бұл суреті ұмытылмастай естелік болып қалды. Бүгінде Бақытжан бұл құнды суретті көзінің қарашығындай сақтап отыр.

Суретте: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сатира сардары Асқар Тоқмағамбетов пен Сексеуіл кентінің тұрғыны Бақытжан Жолмырзаев (оң жақта).

Сурет 1982 жылы түсірілген.

Т.Нұржан-Балта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<