Темекі бұйымдарын пайдаланылатын орындарға қойылатын санитариялық талаптар қандай?

161

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда, мәдени-спорттық іс-шаралар өтетін жерлерде қорқор пайдалануға ты­йым салынған. Дегенмен соңғы уақытта тамақтану орындарында, түнгі клубтар мен барларда бұл өнім заңнамалық талаптарды сақтаусыз ашық пайдаланылуда. Кей тұрғын­дар қорқорды пайдалануға қойы­латын талаптардан бейхабар.

Темекі бұйымдарын, оның ішін­де қыздырылатын темекісі бар бұйым­дарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдық­тауға қойылатын талаптар Қазақ­стан Рес­публикасы Денсаулық сақ­тау министрінің 2020 жылғы 10 жел­тоқсандағы №ҚР ДСМ-246/2020 бұй­рығымен бекітілген. Осы құжат­қа сәйкес арнайы бөлінген орындар темекі бұйымдарын тұтыну процесінде бөлінетін ластанудың көрші үй-жайларға енуіне кедергі келтіретін есікпен немесе осыған ұқсас құрылғымен жабдықталған жеке үй-жайларда орналастырады. Оларды кабиналар түрінде орна­ластыруға жол бе­ріледі.

Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындардың сыртқы жағында көрінетін жерлерде «Темекі бұйымдарын тұтынуға арналған орын» деген жазба немесе белгі орналастырылады және ол жерде сусындар және тамақ ішуге жол берілмейді.

Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бө­лінген орындар:

1) темекі бұйымдарын тұтыну процесінде бөлі­нетін ластануларды ассимиляциялауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ ластанған ауаның жапсарлас үй-жайларға енуіне ке­дергі келтіретін механикалық іске қосылатын ішке сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйесі бар жабық үй-жайларда желдетудің жалпы сыртқа тарату жүйесінен бөлек;

2) күлсалғыштармен және (немесе) темекі тұ­қылдарды жинауға арналған арнайы урналармен және өрт сөндіргіштермен жабдықталады. Темекі тұқылдары мен сіріңкелерді сөндіруді қамтамасыз ету мақса­тын­да урналарды құммен және басқа да жанбайтын сіңіргіш материалдармен толтыруға жол беріледі;

3) үй-жайда темекі түтінінен және (немесе) иісі­нен арылуға мүмкіндік беретін құралдарды орна­ластыруға жол беріледі.

Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бө­лінген орындарда жуу және дезинфекциялау құрал­дарын қолдана отырып, күнделікті ылғалды жинау жүргізілуі керек. Урналар мен күлсалғыштар күн сайын және толуына қарай темекі тұқылдардан және қоқыстан босатылады, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып күнделікті жуылады.

Мұндай орындарда темекі шекпейтіндердің темекі бұйым­дарын тұтыну процесінде бөлінетін ластанумен байланысын болдырмау мақсатында санитариялық-тұр­мыстық үй-жайлардан оқшауланады.

Сондай-ақ арнайы бөлінген орындарда көрінетін жерлерде жазбалар және (немесе) пиктограммалар түрінде темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы, сусындар, тамақ, қор­­қорға арналған темекіні және қорқор қоспасын тұты­нуға тыйым салынатыны туралы ақпарат орналастырылады, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтынудың зияны туралы ақпараттық материал ұсынылады. Қорқор көп жағдайда топтық пайдаланылатындықтан бір­­­неше адаммен ортақ қолдану ке­зін­де  түрлі  жұқпалы ауруларды: гепатит, герпес, туберкулез, ме­нингит және т.б. жұқтыру қаупі арта түседі. Сондай-ақ жасы 21-ге толмағандарға қорқор сатылмайды.

Қорқордың адам денсаулығына зияны мен оны қоғамдық орындарда пайдалану тәртібі, белгіленген сани­тариялық қағидалармен қатар  оларды бұзған жағдайдағы жауап­кершілік мәселелері туралы тұр­ғындар мен кәсіпкерлер арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Қорқорды пайдалану ережелері сақ­талмаған жағдайда халықтың сани­тариялық-эпидемиоло­гия­лық саламаттылығы саласындағы заң­­нама талапта­рын, гигиеналық нор­ма­тивтерді бұзғаны үшін ҚР Әкім­­шілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәй­кес белгіленген мөл­шер­де айыппұл салынады.

Гүлмира СЫЗДЫҚОВА,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің

басшысы