Хабарландыру

590

0

Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы

Ұйымдастырушы: «Қызылорда облысы­ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» КММ

Орналасқан жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1

Байланыс телефоны: +7 (7242) 60-54-08, 60-54-07

Өтінімдерді қабылдау нысанасы: Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 Қаулысы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізі­лі­міне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік са­ласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъек­тілерін қоспағанда) енгізіледі.

Өтінімдерді беру орны: Қызылорда қа­ласы, Сұлтан Бейбарыс к-сі, құрылыс 1

Құжаттамаларды ұсыну мерзімі: 2023 жыл­дың «1» маусымынан  бастап 2023 жылдың «15» маусымы аралығы

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2023 жылдың «1» маусымы

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2023 жылдың «15» маусымы

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін ке­ліп түскен өтінімдер қабылданбайтынын ескер­теміз.              

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне Қазақстан Республикасы Үкіметі­нің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 қаулы­сымен бекітілген Әлеуметтік кәсіп­керлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағида­ла­рына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес өз қыз­метін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жү­зеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қос­пағанда) енгізіледі.

Әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне келесі санатқа жататын кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алады:

1 санат – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

– мүгедектігі бар адамдарды;

– мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді;

– зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы);

– балалар ауылдарының тәрбиелену­шілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

– қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден бо­сатылған адамдарды – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде;

– белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам­дарды;

– аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды жә­не басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наград­тал­ған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы ана­ларды;

– наркологиялық науқастарды медици­налық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

– қандастарды.

2 санат – бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

3 санат – тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Әлеу­меттік кәсіпкерлік субъектілері;

– әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;

– азаматтарды күту, сауықтыру, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;

– әлеуметтік ортаға бейімделу үшін пси­хологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық қызметтер;

– мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық қыз­меттер;

– жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер;

– коммуникацияны арттыру, оңалту, әлеу­меттік қызметтер, бейімдеу, әлеуметтік сүйе­мелдеу бойынша қызметтер;

– медициналық техниканы, протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, ауру­лардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы БҚ әзірлеу;

– мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру;

– қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары;

– мүгедектер мен халықтың мобильділігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объек­тілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізу.

4 санат – мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіпкерлік субъек­тілері:

– отбасын нығайтуға, балалардың отба­сын­да тәрбиеленуін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған пси­хологиялық-педагогикалық және өзге де қыз­меттерді көрсету жөніндегі;

– балалардың демалысын және оларды сауық­тыруды ұйымдастыру жөніндегі;

– мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі;

– мүмкіндігі шектеулі балаларға психоло­гиялық-педагогикалық қолдау көрсету, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуда және әлеуметтік бейімделуде қиналатын білім алу­шылар мен тәрбиеленушілерге медици­налық және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі;

– әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметтер ұсыну сапа­сын арттыруға бағытталған, осы ұйымдар­дың қызметкерлері мен еріктілерін (волон­терлерді) оқыту жөніндегі;

– мәдени-ағартушылық (оның ішінде, жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, архивтердің, мектеп-студиялардың, шығар­ма­шылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);

– қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;

– халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орта­лық­тарын, саламатты өмір салтын жүргізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөнін­дегі қызмет түрлері.

 Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін Қызылорда қаласы, Сұлтан Бей­барыс көшесі, құрылыс 1 (облыс әкімді­гі­нің ғимараты) мекенжайы бойынша қабыл­данады.

Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсыныл­ған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<