Полиция департаменті іздеу ​ салады!

787

0

​ ​ Кеше, ағымдағы жылдың қарашаның 16-сы күні сағат 09:10 шамасында ​ Қазалы ауданы, Кәукей ауыл­дық округі, Ажар елді мекенінің тұрғыны 22.11.2009 ж.т. кәме­летке толмаған Дәуле­тбай Жанарыс Ғалымжа­нұлы есекке мініп, елді мекеннің кезекпен бағылатын шамамен 200 бас қойын шығыс беткейдегі 10 – 15 шақырымда орналасқан «Үш ағаш» деген мал жайылымдық жерге қар­ай бағыт алып, үйіне қайта оралмаған. ​ ​​ ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ Шұғ­ыл түрде оқиға орнына жеткен полиция қыз­меткерлері іздестіру жұмыстарына кірісті. Сондай – ақ, іздес­тіру жұмыстарына пол­иция қызметкерлерімен бірге ауыл тұрғынд­ары, жасөспірімнің ​ туған – туыстары, жедел құтқару қызметі, шекара қызметкерле­рі және автокөліктер мен​ ​ ​ арнайы те­хника​ жұмылдырылды. ​ ​ ​

​Жасөспірімнің ерекше белгілері: бойы​ 140 – 150 см, дене бі­тімі арықтау, ​ шашы қара. Үстінде қызыл түсті куртка, сары түсті сырмақ шалбар, қара қалпақ, аяғында қара қыстық аяқ – киім. ​ ​ ​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ізд­еу жұмыстары Полиция департаменті бастығ­ының қатаң бақылауын­да.​ ​ ​ ​ ​Ауа – райының күрт өз­геруі іздестіру жұмы­старын қиындатуда.

Жоғалған жасөспірім​ туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда​ Қызылорда облысы Полиция деп­артаментіне,​ Қазалы аудандық полиция бөліміне​ «102» арнасына, 8 (72438)21-5-17, 8-702-884-68-88, 8-702-892-05-01 ​ шұғыл түрде хабар­ласуларыңызды сұрайм­ыз. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасуда.​ ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ Құр­метті облыс тұрғында­ры! Балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтама­сыз ету мақсатында бақылауды күшейтіп, мал бағу және т.б. жұ­мыстарға араластырма­уларыңызды сұраймыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<