Құрметті Қызылорда облысының кәсіпкерлері!

401

0

Сіздерді Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға шақырамыз.

1. ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы

ҚР Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығы өнiмнiң немесе көрсетілетін қызметтердiң сапасы саласында ұйымның елеулі нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткені, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн енгiзгенi үшiн берiледi.

Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушыларға конкурстың эмблемасы, диплом  және 450 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі (2023 жылға – 1 552 500 теңге).

Конкурс жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi салтанатты түрде өткiзiледi. Байқау сыйлығын Қазақстан Республикасының Президенті жеке тапсырады.

Ұйымдар конкурсқа келесі номинациялар бойынша қатысады:

1. «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын»;

2. «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын»;

3. «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын»;

4. «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».

Әр номинацияда мынадай санаттар бойынша үш сыйлық беріледі:

– шағын кәсіпкерлік субъектісі;

– орта кәсіпкерлік субъектісі;

– ірі кәсіпкерлік субъектісі.

Конкурста 2 арнайы сыйлық тағайындалады:

– «Үздік индустриялық жоба»;

– «Үздік инновациялық жоба».

Конкурсқа қатысушылар комиссияға кемiнде үш жыл кезеңде шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтiң жоғары сапасын растауға тиiс.

2. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы

Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын және өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту жөнінде оң нәтижелері бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатысуға үміткер бола алады.

Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: өңірлік және республикалық.

Ұйымдар конкурсқа келесі номинациялар бойынша қатысады:

1. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

2. «Халыққа арналған үздік тауарлар»;

3. «Үздік азық-түлік тауарлары».

Өңірлік көрме-конкурстың 9 жеңімпазы (әр номинацияда үш жеңімпаздан) республикалық конкурсқа қатысады.

Конкурс дипломанттары салтанатты түрде «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және дипломдарымен марапатталады.

Конкурс дипломанттарының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Конкурс жеңімпаздары байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.

Қатысуға өтінім мен құжаттар жиынтығын беру мерзімі – 2023 жылғы 1 шілдеге дейін.

Конкурс туралы толық ақпаратты www.altynsapa.kz сайтынан немесе Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасынан  87079885080 нөміріне хабарласып алуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<