Қызылорда облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысының Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы 32 мүше болып айқындалған. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды Қызылорда облыстық мәслихатына қолма-қол ұсынады немесе электрондық мекенжайына жолдайды:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін (қосымшадағы нысан бойынша);
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауытуралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы
және уақыты:
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, №1. №224 кабинет,
байланыс телефоны: 60-54-01.
Электрондық мекенжайы:
kyz_maslikhat@korda.gov.kz
Қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 19:00-ге, үзіліс: 13:00-ден – 15:00-ге дейін.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап он (10) жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 28 ақпаннан бастап 2025 жылғы 14 наурызды қоса алғанда сағат 19:00-ге дейін).
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы
Нысан
Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына
__________________________
_____________________________ тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен _____________________
____________________________
(өтініш берушінің аты, жөні, тегі
(бар болған жағдайда)
жеке куәлік № _____________________,
берілді (қашан, кім) __________________
Байланыс телефон:__________________
Өтініш
Қызылорда облыстықҚоғамдық кеңес құрамының мүшелігіне қосу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтінішім арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ____________________________________________________________________________
2) ____________________________________________________________________________
3) ____________________________________________________________________________
4) ____________________________________________________________________________
5) ____________________________________________________________________________
6) ____________________________________________________________________________
7) ____________________________________________________________________________
2025 жылғы «____» ___________
Өтініш берушінің қолы ____________





