Блогер жеті жыл бойы аққулардың адамға шабуылдаған сәтін түсірген (видео)

444

0

Блогер жеті жыл бойы аққулардың адамға шабуылдаған сәтін түсірген (видео) DokuNaut атымен танымал неміс блогері жеті жыл бойы жергілікті саябақта адамдарға шабуылдаған қара аққуларды видеоға түсіріп, YouTube-каналына салып отырған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Блогердің айтуынша, құстардың адамға шабуылдау сәтін түсіруге бірнеше себеп бар. Біріншіден, саябақ оның тұратын үйінің дәл жанында орналасқан. Сондай-ақ, ол өркениетті адамдар мен өркениетті емес құстардың өзара қатынасын бақылағанды жақсы көрген. Оның түсірген бейнероликтері YouTube желісінде көп қаралым жинаған.

Видеодан саябаққа келушілер құстардың шабуылдауын әртүрлі қабылдағанын байқауға болады. Құстардың өзіне қарай жүгіргенін көрген кішкентай балалар қаша жөнелсе, кейбіреулер құстардың шабуылына назар аудармаған. Кейбір адамдар құстың өзін жазаламақ болған.

DokuNaut YouTube-каналына жеті жылда құстардың әрекеті жазылған 39 ролик жарияланған. Олардың ішінде ең танымалы – 2015 жылы наурыз айында жарияланған бейнеролик. Оны 235 мың адам қараған.

https://www.youtube.com/watch?v=zvC5G5R2Lvw​​​

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<