Қайталанбас даусымен әлем жұртшылығын таңдай қақтырған Димаш Құдайберген кезекті әнімен Ресей елін тәнті етті. Жезтаңдай әнші Сочиде өнер көрсетіп, жанкүйерлерімен қоса атақты жұлдыздарды да орнынан тік тұрғызды деп хабарлайды NUR.KZ.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Новая волна» байқауына қонақ болып барған Димаш әйгілі «А-студио» тобының кешінде өнер көрсетті. Қазақстандық дарын иесі аталмыш топтың «Грешная Страсть» деп аталатын әнін орындаған. Жанын сала өнер көрсеткен Димаш Құдайбергенді күллі зал сілтідей тына қап тыңдады. Әннің соңында әдеттегідей қошемет пен құшақ-құшақ гүлдің астында қалған ол барша тыңдарманға алғыс білдірді.
Сондай-ақ, Димаш өзін сахнада сүйемелдеп отырған «А-студио» тобына және Байғали Серкебаевқа қазақша рахмет айтты. Кеш жүргізушісі Тимур Родригез болса «Бұл сәтті Басков көруі керек еді. Оның жүрегі ұстап қала ма деп қорқамын», – деп айтып қалды.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=9L6pnx2GiUA
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<