Оған итальян педагогы М. Монтессоридың ұсақ қол моторикасын дамытуға бағытталған әдістемелері мен украин ғалымы В. Сухомлинскийдің: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды. Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады», дегені дәлел.
Ал домбыра тарту – тұнып тұрған моторика. Демек, әр нүктені басқанда, түрлі бағытпен қос ішекті қаққанда, шерткенде һәм төккенде ми жұмысын жетілдіріп жатыр деген сөз.
Ендеше, «Egemen Qazaqstan» қолға алған жас талғамайтын домбыра сабағына баршаңызды шақырамыз!
Ал сабақты «Күйшілер одағының» мүшесі, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, күйлері Шалқар радиосының Алтын қорына енген дарынды автор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері әрі профессор Ж.Жүзбайдың шәкірті Тілеулі Еңглік жүргізеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<