21-22 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жәрмеңкеде Елорда халқы Сырдың ақ күрішін, қауынын, Аралдың балық өнімдерін, ет, көкөніс, бақша дақылдарын қол жетімді бағада сатып алуға болады. Тоқшылық мерекесі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан шатыры» ойын сауық кешенінің маңында өтеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<