5-6 қаңтар күндері Сириядағы қазақстандықтарды құтқару операциясы өтті. Ақорданың баспасөз қызметі «Жусан» операциясының бейнеролигін жариялады.
5 қаңтар күні Ақтау әуежайынан әскерилер мен құтқарушылар ұшты. Ұшақ бортында алғашқы көмек көрсетуге қажет заттар мен тамақ болған. Эвакуациялау аймағына қазақстандық күш 5 қаңтар күні сағат 15:45-те жетті.
Бейнероликтен байқағандай, балалардың тыныштығы үшін ұшақта барлық жағдай жасалған. Кей ер азаматтарды ұшаққа көзін байлап отырғызған. Операция нәтижесінде отанына 47 адам оралды. Оның ішінде 11-і әйел мен 30-ы бала (балалардың көпшілігі 1-5 жас аралығында).
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<