Сыр шаһары – бас қалам

832

0

Сыр шаһары - бас қалам 
Сыр шаһары Қызылорда – бас қалам,
Алты алашқа тұғыр болған Астанам.
Сұлу Сырда ерке толқын сылаңдап,
Болашаққа жарқын қадам бастаған.
Зәулім үйлер бой түзеген сән құрып,
Бұрқақтары ару қыздай бал қылық.
Қызылорда – Сүлейлердің мекені,
Қойнауы – жыр, арнасы – ән мәңгілік.
Көгінде – бұлт, жерінде –құт самғаған,
Ескерткіші хас батырын сомдаған.
Қызылордам – ақ маржанның Отаны,
Ардақтысың, аяулысың сен маған!
Көркіңменен, келбетіңде қыдыр бақ,
Зеңгір көкте жұлдыздарың жымыңдап.
Алтын нұрмен жазам сенің атыңды,
Бейбіт күннің биігіне тұғырлап!
Арман қала, асыл қала, бақ қала,
Күллі елге болған алғаш Астана.
Екі ғасыр шежіресін тұғырлап,
Ойып жазған атын алтын тақтаға!
Терең тарих қойнауымен сырласқан,
Жеңісіне куә болған нұрлы аспан,
Елбасының қолдауымен жаңарып,
Толағайлы табыстармен шыңды асқан.
Жасарған да, жайнаған да, жаңарған,
Орындалған сұлу сырда сан арман.
Көшелері қайта түлеп, жаңғырған,
Гүлзарлары хас сұлудай таранған.
Жарқырайды жастарының жанары,
Болашаққа еркін қанат қағады.
Желбіретіп Тәуелсіз ел байрағын,
Сыр шаһары шеру тартып барады!

Гауһар Қожахметова.

  Сыр шаһары - бас қалам Сыр шаһары - бас қалам Сыр шаһары - бас қалам Сыр шаһары - бас қалам Сыр шаһары - бас қалам Сыр шаһары - бас қалам Сыр шаһары - бас қалам Сыр шаһары - бас қалам Сыр шаһары - бас қалам Сыр шаһары - бас қалам Сыр шаһары - бас қалам 
Сыр шаһары - бас қалам

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<