Теңіз жағасында өткен неке қию рәсімі жұртты сүйсінтті (видео)

692

0

Теңіз жағасында өткен неке қию рәсімі жұртты сүйсінтті (видео)Жас жұбайлардың теңіз жағалауында өткізген неке қию рәсімі ел назарын аударды. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видео жұрттың таңдайын қақтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейне жазбада ақ киген қос ғашықтың неке қию рәсімі бейнеленген. Қалыңдық сүйіктісіне арнап махаббат әнін шырқап тұрған видео желіге әп-сәтте тарап кеткен.

Желі қолданушылары рәсім Каспий теңізі жағалауында, Ақтау қаласында өткен деген пікір қалдырған.

Желі қолданушылары ғашықтарға бақыт тілеп, неке қидыру рәсіміне қатысты өз пікірлерін жазған.

«Керемет!», «Менің қызым табиғат аясында осындай той жасағысы келеді. Мен оны енді түсініп отырмын», «Неткен романтика», «Тіпті тойхана да керек емес», «Несиеге батпай, одан да жақындарыңды жинап, кішігірім осындай той жасаса жақсы», – деп жазды оқырмандар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<