\»Төреғали рұқсатын берді\»: Әншіге ғашық ару ән арқылы сезімін білдірді

736

0

\"Төреғали рұқсатын берді\": Әншіге ғашық ару ән арқылы сезімін білдірді Төреғали Төрәліге ғашық ару ән арқылы сезімін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі HEADLINER WEEKEND бағдарламасына сілтеме жасап.
Төреғалиға арнап ән салған Бота Хамит есімді жас әнші. Ескі сезімімді оятып, әннің сөзін ауыстыруды өтінген Төреғалидің өзі дейді ару. Оның айтуынша бастапқыда бұл туынды махаббат туралы болған. Артынша әншінің өтінішімен ауыстырылған.
«Ән шыққанан кейін жағымсыз пікірлер көп болды. Сөзін толық тыңдамай маған ауыр сөздер жазып, ойларын айтқандар жетерлік. Төреғалимен бір студияға барамыз. Ән жазатын жеріміз бір. Бәріміз группаласпыз. Бірақ ол әннің сөзі мүлдем бөлек болды, Төреғалиға арналмаған, махаббат туралы. Әнді жазуға апарғанда Төреғали меннен әніңді қосшы деп өтінді. Төреғали отырып тыңдады да, сөзін кім жазғанын сұрады. Сосын маған сөзін өзгертсеңші деді», – дейді Бота Хамит.
Сезімін ақынға айтқан Бота Хамит хит әннің қалай дүниеге келгенін жасырмады. Сонымен қатар, туынды Төреғали Төрәлінің рұқсатымен жарыққа шықты дейді ол.
«Менің Төреғалиға ән жазамын, хит болып кетемін деп ойлаған жоқпын. Рамазан Амантайға Төреғалиға сезімім болып еді деп қалжыңдап айттым. Оны ешкім ешқашан да білген емес. Сөйтіп Рамазан «Төреғалиға ән жазайық» деп ұсыныс тастады. Мен қарсы болдым. Төреғали рұқсатын беріп, солайша ән жарыққа шықты», – дейді Бота Хамит.

​​​

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<