Қызылордалық әже \»Шалым – менің қаракөз сүйгенім\» деп ән салды (видео)

648

0

Қызылордалық әже \"Шалым - менің қаракөз сүйгенім\" деп ән салды (видео)«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев Instagram желісіндегі парақшасында қариялардың видеосын бөлісті. Көпшілік оны көріп отырып ерекше сүйсінгенін жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Әйелдің жәннаты – оның күйеуі» деген хадисті ту қылып ұстаған апалар ғой. Алла риза болсын әжемізге. Атамның көңілін бір көтеріп тастады», – дейді әнші.
«Шалым – менің қаракөз сүйгенім» деп әндетеді әже видеода. Көпшілік бұл көрініске қарап сүйсінгенін жазып жатыр.
«Атам мен апам аман болсын. Жасын бізге берсін», «Біздерге жұғысты болсын», «Бұл – Қызылорданың Шиелі ауданының тұрғындары. Мекке Мадинаға барып келген Таубаевтар әулеті. Менің түп нағашым», «Ғұмырлы болсын», «Қарап отырғын көз сүйсінеді екен», «Қалай күшті өздері» деп жазды желі қолданушылары.

​​​

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<