5 қараша күнгі ауа райы болжамы

589

0

5 қараша күнгі ауа райы болжамы 5 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Бұл, Оңтүстік Каспий циклонымен және атмосфералық фронттармен байланысты. Осыған орай, жекелеген өңірлерде жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыста түнде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді.

Қызылорда, Түркістан облыстарында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел болжанады.

Жамбыл, Алматы облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, түнде және таңертең Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с артады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<