Төтенше жағдай режимінен кейін Қызылорда аумағынан қандай пойыздар жүретіні туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.
«2020 жылдың 1 маусымынан бастап республика бойынша 54 жолаушылар пойызы жүре бастайды. Оның ішінде облыс орталығынан шығатын №21/22 «Семей – (Алматы) – Қызылорда – Семей», №55/56 «Көкшетау- Қызылорда – Көкшетау», №75/76 «Петропавл – Қызылорда – Петропавл», №117/118 «Қызылорда – (Жезқазған) – Нұр- Сұлтан-1 – Қызылорда» және №6843/6844 «Түркістан-Қызылорда-Түркістан» пойыздары бар. 2020 жылдың 15 мамырынан бастап билет кассалары іске қосылады», – делінген басқарманың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы жазбада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<