Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны атанған нәресте Жания Азаматқызының отбасына миллион теңге көлемінде сертификат табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Жанияның ата-анасын құттықтауға Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев пен Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев келді. Олар отбасын сәбидің дүниеге келуімен құттықтап, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан алғыс хат пен 1 000 000 теңге сертификатын, сондай-ақ балаларға сыйлық берді.
Айта кетейік, 20 маусымда Алматының перинаталдық орталығында Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Нәресте – Алматы облысы Іле ауданы, Чапаево ауылында тұратын 1982 жылы туған Азамат Нұрғалиев пен 1986 жылы туған Назгүл Көбентаеваның төртінші перзенті.
#meninqazaqstanym
#qazaqstan30jyl
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<