2024 жылдың алғашқы 3 айында Өзбекстанға 260 мыңнан астам қазақстандық турист барған

330

0

Фото: Pyxabay.com

Қаңтар-наурыз айларында Өзбекстанға 1 миллион 519,3 мың турист барған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7 мың адамға немесе 2,1 пайызға жоғары.

Олардың басым көпшілігі Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан азаматтары. Бұл туралы мемлекеттегі Статистика агенттігінің ақпарат қызметі хабарлады.

Жылдың алғашқы 3 айында ең көп туристер Тәжікстаннан (536,5 мың), Қырғызстаннан (442 мың) және Қазақстаннан (262,6 мың) барған.

Сондай-ақ, елге Ресейден 134 200, Түркіменстаннан 31 000, Түркиядан 21 500, Үндістаннан 11 600, Қытайдан 10 000, Оңтүстік Кореядан 7 600 және Германиядан 3 800 турист келген.

Басқа елдердің үлесіне 58 500 турист тура келді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Өзбекстан 2,2 млн қазақстандық туристі қабылдауға ниетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<