2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Әділет министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, ғылыми ұйымдармен және ғалымдармен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасын әзірледі», – деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның атап өтуінше, жаңа Тұжырымдама конституциялық, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да заңнама салаларын дамыту тәсілдерін қамтиды.
«Біз Тұжырымдама жобасында қамтылған құқықтық жүйені жетілдіру жөніндегі шаралар Қазақстанның одан әрі орнықты дамуының қажетті құқықтық алғышарттарын қалайды деп күтеміз», – деді Наталья Пан.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<