Түркістан облысы Келес ауданында мердігерден 30 млн теңге пара алған шенеунік сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram парақшасы ресми мәлімет таратты.
Оған сенсек, 14 шілдеде Түркістан облыстық қылмыстық істерге мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Келес ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы А.С. Кенегесов сотталған.
Айыпталушы алдағы 11 жыл 3 ай уақытын түрмеде өткізеді.
А. С. Кенегесов Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлімі және 24-бабы 3-бөлімі бойынша айыпталған еді.
Бөлім бастығы 2020 жылдың 8 маусымында компания директорынан 30 млн теңге көлемінде пара алған.
Бұл – құны 3 млрд теңге болатын қосалқы станса құрылысына арналған мемлекеттік сатып алу келісімшартының 1 пайызы болатын.
Ол тендер құнының 1 пайызын пара ретінде алып, қалтасына басуды жоспарлаған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<