Басты міндет – орман қорын сақтау

1736

0

Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі барлық ормандар мемлекеттік меншікте болады. Орман қорын күзету, қорғау және сақтау, оны тиімді пайдалану республиканың барша азаматтарының парызы болып саналады. Осы орайда облыстың тұрғындарына төмендегіні ескертуді жөн санаймын.

Орман қорын күзету, қорғау,  пайдалану, орманды молықтыру мен орман өсіру саласындағы заң бұзушылықтарға:

  1. Орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығының арнаулы белгілерін жою немесе бүлдіру;
  2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін сатып алу, сату, сыйға тарту, кепілге беру, өз бетінше иелену мен айырбастау;
  3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін тиісті рұқсатсыз тегістеу, құрылыстар салу, қоймалар тұрғызу және басқа да мақсаттар үшін пайдалану;
  4. Ағаштар мен бұталарды зақымдау немесе жою, оның ішінде өрттен зақымданған орманды заңсыз кесу, орман ағаштарын, орман питомниктері мен плантацияларындағы егілген не отырғызылған көшеттерді, сол сияқты, өздігінен шыққан жас шыбықтарды жою;
  5. Ормандарды, сол сияқты орман қорына кірмейтін екпелерді отқа немесе өзгеде аса қауіпті көздерге абай болмау салдарынан жою не зақымдау, сондай-ақ, аталған екпелерді қасақана жағып жіберу, зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен не төгінділермен ластау салдарынан жою не зақымдау;
  6. Ормандарда өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелерді сақтамау;
  7. Орман қоры жерлеріндегі жайылымдар мен шабындықтарды бүлдіру;
  8. Орман пайдалану мерзімдерін бұзу;
  9. Орман қоры жерлерінде өз бетінше шөп шабу және мал жаю;
  10. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде тыйым салынған немесе арнайы рұқсат негізінде жол берілетін дәрілік шөптерді және техникалық шикізатты өз бетінше дайындау;
  11. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды рұқсатнама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сай келмейтін әрекеттермен жүзеге асыру;
  12. Ормандар үшін пайдалы фаунаны жою жатады.

Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы саласындағы заң бұзушылықтар орын алған жағдайда 05.07.2014 жылғы №235-V ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 138, 142, 143, 337,  339, 366 – 381 баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік орман қоры жерлерінде кесуге тыйым салынған және құрып кету қаупі төнген ағаштар мен бұталарды заңсыз кесулер мен зақымдау, ормандарды өртеу, тастанды қалдықтармен ластау кезінде орман қорына елеулі залал келтірген жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 339, 340 баптарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

2022 жылдың алғашқы 6 айында Инспекция қызметкерлерімен орман саласында жалпы 29 құқық бұзушылықты анықталды. Оның ішінде ҚРӘҚБтК 389 бабымен 14 азаматқа сексеуіл ағашын заңсыз тасымалдағаны үшін, 1 азаматқа 366 баппен мемлекеттік орман қоры жерінде құрылыс жүгізгені үшін, 5 азаматқа орман қоры жерінде заңсыз дәрілік шөп жинағаны үшін, 6 орманшы инспекторға 367 баппен орман қоры жерінде өрт қағидаларын бұзғаны үшін, 3 азаматқа 372 баппен орман қоры жерін әр-түрлі тұрмыстық қалдықтармен бүлдіргені үшін  хаттамалар толтырылды.

А. ТАМШЫБАЙ,

облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық

 инспекциясының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<