2022 жылдың шілде айының 2-де бауырлас екі ел – Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қанун» баспасынан шыққан 608 беттік «Қазақ прозасы» антологиясы да осы айтулы оқиғаға арналған.
Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрген антологияның аудармашысы және құрастырушысы Қазақ халқы мен әдебиетінің жанашыр досы, белгілі жазушы, публицист, аудармашы және кинотанушы Нариман Абдулрахманлы, ал редакторы болса Махир Гараев.
Жазушы-аудармашы Нариман Абдулрахманлы тарапынан Әзербайжан оқырмандарына ұлы Абайдың «Қара сөздер» трактаты мен көрнекті жазушы Роллан Сейсенбаевтың «Әлем күйреген күн» атты прозалық жинағынан кейін ұсынылған «Қазақ прозасы» антологиясы, екі халық пен әдебиеті арасындағы байланысты одан әрі нығайту жолындағы үлкен қадамдардың бірі.
Антологияға ұлы Абайдан бастап, 2000-шы жылдары әдебиетке келген жас әдеби ұрпақ өкілдерінен 54 қаламгердің таңдамалы шығармалары енгізілген. Абайдың «Қара сөзінен» үзінділер, Шәкәрімнің нақыл сөздері, құдіретті сөз шебері Мұхтар Әуезов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Қалихан Ысқақов, Сәкен Жүнісов, Әкім Тарази, Сайын Мұратбеков, Дулат Исабеков, Оралхан Бөкей, Дүкенбай Досжанов, Сәтімжан Санбаев, Роллан Сейсенбаевпен қатар тәуелсіздік кезеңі Қазақ прозасы өкілдерінің шығармалары әзербайжан оқырмандарының рухани дүниесін байытуда маңызды рөл атқармақ.
Авторлардың толық өмірбаяндарының берілуі болса антологияның құндылығын одан әрі арттыра түскен. Сондай-ақ, оқырмандар антологиядағы қаламгерлердің көпшілігінің естеліктерімен алғаш рет танысу мүмкіндігіне ие болғандығын айта кеткен жөн.
Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімовтің бастамасымен жинақталған бұл антологиядағы туындылар Әзірбайжан оқырмандарын бауырлас Қазақ халқының құдіретті рухын, бай мәдениетін, талғампаз дүниетанымын танып білуі жолында өте қызықты әрі сиқырлы сапарға шығарары анық.
«Қазақ прозасы» антологиясы оқырмандарға шілде айының соңында ұсынылады. Қазірде аудармашы Нариман Абдулрахманлы, Қазақ детектив жанрының негізін салған Кемел Тоқаевтың әңгімелерін және жазушының ұлы, Қазақстан Республикасының құрметті президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы толғаныс» ғұмырнамалық кітабын баспаға дайындауда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<