Аягөздегі 4 баланың өлімі: Үш тәрбиеленушінің денесінде жарақат бар

581

0

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы Балалар арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында 4 баланың өліміне қатысты тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы облыстық прокуратураның басшылық етуімен Аягөз қаласында орналасқан Балалар арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында тәрбиеленушілер өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізген. Тергеу барысында эксгумация жасалып, екі комиссиялық сот-медицина сараптамасы жүргізілді. Комиссия құрамына балалар инфекционисі, кардиолог, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, педиатр, Нұр-Сұлтан қаласынан гистолог-сарапшылар және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары қатысқан.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, балалардың өлімі өкпе фиброзы, екіжақты іріңді бронх пневмониясы сияқты жанама аурулардың салдарынан болған. Сондай-ақ мәйіттерді тексеру барысында үш балада дене жарақаты анықталды. Алайда бұл жарақаттардың тәрбиеленушілер өліміне қатысы жоқ. Осыған байланысты ауыр дене жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс бөлек өндіріске шығарылып, ары қарай тергеу амалдары жүргізілмек», – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Оның айтуынша, әлеуметтік көмек көрсету орталығында тәрбиеленушілерге тиісті медициналық көмек көрсетпеу фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданған. Естеріңізге сала кетсек, Аягөздегі әлеуметтік көмек орталығында 4 бала көз жұмған болатын.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<