Аяқ су беру жұмыстары басталды

338

0

Көктемгі суару маусымына байланысты қаламыздағы арық жүйелеріне аяқ су жүргізу жұмыстары басталды. Арнайы тазарту жұмыстары жүргізілген Жібек жолы, Сарқырама, Табиғат және Қалалық каналдар қайтадан арнасына су алып, тіршілік нәрі – аяқ су беру жұмыстары басталды.

Бүгінде Сырдария өзенінен және ірі каналдар арқылы қалаға 19 сорғы қондырғылары арқылы су жеткізілуде.

Атап айтқанда:

Жібек жолы каналы арқылы Н.Назарбаев даңғылы, Астана даңғылы мен Сырдария мөлтек ауданының 6 шақырымдық арық жүйелері тіршілік нәріне қанып жатыр.

Сыр ана монументі маңындағы сорғы арқылы С.Бейбарыс көшесі мен «Береке» саяжайындағы 1,5 шақырымға жуық каналдар аяқ сумен қамтылуда.

Сарқырама каналы мен орталық көшелердегі арық жүйелерін сумен қамту мақсатында Тәуелсіздік көшесі бойындағы су сорғыш қондырғысы жаңғыртылып, іске қосылуда.

Табиғат каналы да назардан тыс қалмай, арналар тазартылады.

Құрметті қала тұрғындары! Ортақ игілікке бейжай қарамай, каналдарды таза ұстауға бірге атсалысайық!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<