Бүгінгі күні Қызылорда облысында ахуал тұрақты. Төтенше жағдай режимі жалғасуда. 28 блок-бекет талапқа сай жұмыс жасауда. Тәулік бойы 12 нарядтан құрылған 24 автокөлік қала көшелерін патрульдеуде.
Өңірде коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс жасауда. Қала орталығында 255 қоғамдық көлік қатынауда. 382 банкомат жұмыс жасап тұр. Тұрақтандыру қорында 1404 тонна азық-түлік өнімі сақтаулы.
7 қаңтардан бастап 1414 Call орталығына 78107 қоңырау түскен. Басым бөлігі – халыққа қызмет ету, авиа/теміржол билеттерді алу және азық-түлік, еріктілердің көмек беруі мәселесіне қатысты.
5 қаңтардан бүгінге дейін 718 азамат полиция органдарына жеткізілді. Әкімшілік істер бойынша 154 адам, 53 қылмыстық іс қозғалып, 96 адам қамалды.
Бүгінде 210 азамат медициналық көмекке жүгінсе, солардың 33-ы ауруханада, 5-і жансақтау бөлімінде жатыр.
Құрметті облыс тұрғындары! Өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін сақтықта жүріп, коменданттық талап ережелерін толық орындайық.
Біздің күшіміз бірлікте! Біз біргеміз!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<