Алдағы үш күн жаңбырлы болады

1533

0

Синоптиктер 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Республиканың барлық аумағында құбылмалы ауа райы күтіледі. Бұған синоптикалық процестердің тез ауысуы ықпал етеді. Қазақстан арқылы өтетін фронтальды бөліктер аймақтарға нөсер жаңбыр мен найзағайлы таза ауа массаларын жеткізіп, күндізгі температура 24…33-тен 15…27 жылыға дейін төмендейді. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түседі, дауыл соғуы және бұршақ жаууы ықтимал», делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<