Жыл сайын 11 ақпанда 2016 жылдан бастап БҰҰ шешімімен ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні аталып өтеді. Әйелдер әлі күнге дейін бұл салада қиындықтарға тап болып келеді. 14 мемлекетте жүргізілген зерттеу ғылымдағы ер адамдар мен әйелдердің арасындағы теңгерімсіздікті көрсетті. Сондықтанда ғылым саласында гендерлік теңдікті қамтамасыз етіп, қыздардың ғылыми жетістіктеріне бала кезінен қолдау көрсету қажет.
Сондай-ақ бүгін Дүниежүзілік науқастар күні. Алғаш рет мереке 1993 жылы атап өтілді. Бұл күн Рим папасы Иоанн Павел Екіншінің бастамасымен пайда болды.
Бүгін АҚШ-та Ұлттық өнертапқыштар күні аталып өтеді. Бұл мерекені 1983 жылы АҚШ президенті Рональд Рейган бекітті. Бұл дата атақты өнертапқыш Томас Эдисонның туған күніне орай таңдалынып алынған. Эдисон АҚШ-та 1000-нан астам және басқа елдерде 3 мыңға жуық патент алды. Ол электр шамының коммерциялық түрін, фонограф ойлап тапты, телефон мен телеграфты жетілдірді. Басқа елдерде де АҚШ-тағы Ұлттық өнертапқыштар күні секілді мереке бар. Әр елде бұл мейрам өз тарихына байланысты әртүрлі күні тойланады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<