Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуына байланысты қылмыстық іс бойынша 17 адам сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Өзбекстанның Жоғарғы сотына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 6 адам 3-тен 10 жылға дейінгі аралықта нақты мерзімге бас бостандығынан айырылып, 1 адамның бас бостандығы 4 жылға шектелді, өзгелеріне ірі көлемде айыппұл салынды.
Ең ұзақ мерзімге «Узтемирйулкурилишмонтаж» мекемесінің бас директорының бұрынғы орынбасары, гидротехикалық құрылғылар құрылысы дирекциясының бұрынғы басшысы М.Холматов сотталды.
Аса ірі көлемде ұрлық жасағаны, жалған құжат жасағаны сондай-ақ салдары кісі өлімімен мен сол сияқты өзге де ауыр жағдайға алып келген тау, құрылыс немесе жарылу қаупі бар жұмыстарды атқару кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы материалдық жауапты қызметтерді атқаруға тыйым салынды.
«Сирдаре сув курилиш инвест» мекемесінің бұрынғы басшысы С.Абдуназаров пен UzGIP перспективалық жобаларды жоспарлау бөлімінің бұрынғы бастығы С. Руднев 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айыппұл 6,8 өзбек сумынан 134 млн сумға дейінгі аралықта салынды. Сот сонымен қатар кінәлілерге мемлекет қаржысын талан-таражға салу, жымқыру және Сардоба су қоймасының жарылуы салдарынан келген шығын бойынша шара қолданады.
Осыған дейін Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып , елді мекендер, коммуникациялық желі, егістікке зақым келген. Соның салдарынан Түркістан облысында 4 ауылды су басып , 620 үй бүлінді. Мақтарал ауданында 2 мамырда түнгі 00:00-де төтенше жағдай жарияланды.
Сондай-ақ Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<